«Балапан» телеарнасы 2010 жылы 27 қыркүйекте құрылды
Қазақстан тарихындағы балаларға арналған тұңғыш арна
Тек қазақ тілінде хабар таратады
Тәуліктік хабар тарату уақыты: 15 сағат (900 минут), 07:30-22:30
Аудиториясы: 12 жасқа дейін
Эфир таралымы: кабельдік желі
Мақсаты:
Жас ұрпақтың санасына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіре отырып, білім мен тәрбие көзі болу және адамгершілікке, еңбекке баулу, дүниетанымын қалыптастыру мақсатында жасалған маңызды қадамдардың бірі – «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамындағы «Балапан» телеарнасының ашылуы. Еліміздегі балаларға арналған тұңғыш және жалғыз арна өз жұмысын 2010 жылдың 27 қыркүйегінде бастады. Сол уақыттан бері оқу-танымдық, спорттық, ойын-сауықтық, анимациялық және интеллектуалдық тележобаларды жарыққа шығарып, әр баланың сенімді серігіне, рухани жетекшісіне айналды.
Міндеті:
Баланың ана тілін толық меңгеруіне ықпал ету;
Салауатты өмір салты насихаттау;
Интеллект иесін қалыптастыру;
Мемлекеттік саясатты қолдау;
Рухани жетекші болу;