Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Телеарна туралы

«Балапан» телеарнасы 2010 жылы 27 қыркүйекте құрылды

Қазақстан тарихындағы балаларға арналған тұңғыш арна

Тек қазақ тілінде хабар таратады

Тәуліктік хабар тарату уақыты: 15 сағат (900 минут), 07:30-22:30

Аудиториясы: 12 жасқа дейін

Эфир таралымы: кабельдік желі

 

Мақсаты:

Жас ұрпақтың санасына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіре отырып, білім мен тәрбие көзі болу және адамгершілікке, еңбекке баулу, дүниетанымын қалыптастыру мақсатында жасалған маңызды қадамдардың бірі –    «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамындағы «Балапан» телеарнасының ашылуы.  Еліміздегі балаларға арналған тұңғыш және жалғыз  арна өз жұмысын 2010 жылдың 27 қыркүйегінде бастады. Сол уақыттан бері оқу-танымдық, спорттық, ойын-сауықтық, анимациялық және интеллектуалдық тележобаларды  жарыққа шығарып, әр баланың сенімді серігіне, рухани жетекшісіне айналды.

 

Міндеті:

Баланың ана тілін толық меңгеруіне ықпал ету;

Салауатты өмір салты насихаттау;                             

Интеллект иесін қалыптастыру;

Мемлекеттік саясатты қолдау;

Рухани жетекші болу;