Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Балапан» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК» АҚ «Балапан» телеарнасының жаңа  бағдарламаларына аутсорсинг компаниялар арасында өткізілетін байқаудың іріктеу турын жариялайды.

Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2017 жылдың  29 маусымы  мен 14 шілде аралығында Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, 18 қабат, «Балапан» телеарнасында қабылданады.

Бағдарламаның жанрлық бағыты: 

  1. Әлеуметтік танымдық. Ұзақтығы 10 минут, аудиториясы 6+
  2. Оқу-танымдық. Ұзақтығы 25 минут,   аудиториясы 6+
  3. Интеллектуалдық шоу. Ұзақтығы 20 минут, аудиториясы 6+ 
  4. Этно-танымдық бағдарлама. Ұзақтығы 10 минут, аудиториясы 6+
  5. Анимация. Ұзақтығы 10 минут,  аудиториясы 6+                                                                                                       

Тілі: қазақша

Ұсынылған бағдарламаға қойылатын талап: ҚР аумағында хабар тарату мен телевизия саласы жөніндегі  ҚР заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.

Компанияға қойылатын талаптар: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген  компаниялар алдымен өтініш толтыруы тиіс. Өтініш толтырылмаған жағдайда компаниялар байқауға қатыса алмайды

Қатысушы төменде көрсетілген талаптарға сай болуы керек: Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы керек (балалар аудиторисымен жұмыс істегендігі де ескеріледі), ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары ескеріледі.

Қосымша ақпарат: Қосымша компания туралы ақпарат пен жасалған жобалар туралы презентациялық материал ұсынуға болады.

Толығырақ ақпаратты 8 (7172) 55 34 12 телефонын нөмірі немесе balapantv@kaztrk.kz электронды мекенжайы арқылы алуға болады.

 

«Балапан» телеарнасының жаңа маусым бағдарламаларына арналған  
байқауға қатысу туралы өтінім ​      
                                                                  

                                                                       

Бөлісу