Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні
Телеарна
Бағдарламалар кестесі
Жаңалықтар
Мультфильмдер
Ойындар
Бағдарламалар
Эфирде
:,

Он саусақ

Он саусақ

Жоба жетекшісі: Л. Сеңгірбекова

Продюсері:  А. Хабибуллина

Өндіруші компания: «Arai Media Group» ЖШС

Бас режиссері: Қ. Әбдібаева

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты:

Ұзақтығы: 50 серия, 10 минут

Қайталанатын уақыты:

Аудиториясы: 4-10 жас

Жанры: оқу-танымдық бағдарлама

E-mail: balapantv@kaztrk.kz 

Мақсаты: «Өнерді үйрен, үйрен де жирен» дейді дана халқымыз. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының көрінісі болған. Бүгінде қолөнер дәстүрі заман талабына сай жаңарып, жаңғыруда. Аппликация, мүсін, папье-маше, канзаши, декупаж, твистинг, кимокоми, оригами сынды қолөнер түріне қызығушылық артуда. Өскелең ұрпақты қолөнер түрін меңгеруге шақыру;

Міндеті: Бұл әсерлі танымдық шоу, қолдағы материалдардан бояма жасау сабағы. Суреттер, аппликациялар, мүсіндер, папье-маше, канзаши, декупаж, твистинг, кимокоми, оригами... Балаларды танымдық ойын арқылы еңбексүйгіштікке баулу. Әр бағдарламада қонақтар Ертегі қалашығына тап болады, ол жерде жас шебер бағдарлама қонақтарына қолда бар құралдардан тұрмысқа пайдалы ерекше бұйымдарды қалай жасау керегін көрсетеді, түсіндіреді, үйретеді. Бала достарымен бірге бұйымдар жасайды. Әр бағдарламаның соңында балалар Ертегі қалашығындағы Сиқыршымен кездеседі. Балалар үйлеріне оралу үшін Сиқыршының тапсырмаларын орындайды (ойын, жұмбақ, спектакль және т.б.), бұл бағдарламаны көріп отырған көрерменнің зерігуіне жол бермейді. Бағдарламада баланың саусақтарының ұсақ-қозғалыс моторикаларын дамытумен қатар,  сөйлеу қабілетін, зейінді, қиялды дамытуға және мақсатты аудиторияның интеллектуалды  дамуына арналған ойындар жүргізіледі.