Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні
Телеарна
Бағдарламалар кестесі
Жаңалықтар
Мультфильмдер
Ойындар
Бағдарламалар
Эфирде
:,

Сүйінші! «Балапан» телеарнасы «Тұмар» жүлдесін иеленді

22:49, 17 наурыз 2017

Балалардың сүйікті арнасы «Үздік балғындар бағдарламасы» аталымында жеңіске жетті.


Бүгін отандық телевизия тарихында тұңғыш рет «Тұмар» ұлттық жүлдесі табысталды. Байқауға еліміздің әр түкпірінен  200-ден астам журналист өтінім білдірген. Жабық дауыс беру нәтижесінде тек 48 жұмыс іріктеліп алынды. Бәйгеге бір жыл ішінде эфирге шыққан жобалар қатысты.

Қазылар алқасы 12 аталымның әрқайсысы бойынша 4 жеңімпаздан анықтады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының өнімдері бірнеше аталым бойынша үздіктер қатарынан көрінді.

Оның ішінде «Балапан» телеарнасы да бар. Балалардың сүйікті арнасы «Үздік балғындар бағдарламасы» аталымында жеңіске жетті.

Айта кетейік, жоба ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі және «Қазмедиа» орталығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат – ең сапалы әрі өзекті телевизиялық өнімді анықтап, шығармашылық саладағы таланттарды таныту.