Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні
Телеарна
Бағдарламалар кестесі
Жаңалықтар
Мультфильмдер
Ойындар
Бағдарламалар
Эфирде
:,

Астанада қазақ тіліндегі «Мұзды Өлке» мультхикаясының қайырымдылық көрсетілімі өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

17:15, 18 наурыз 2017


Бүгін «Қазмедиа» орталығында «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен «Мұзды Өлке»/ «Холодное сердце» мультхикаясының қайырымдылық көрсетілімі өтті.

Шараның басты мақсаты - әлемдік танымал туындыны қазақ тілінде ұсыну.

Кешті мультхикаядағы басты рөл - Эльза бейнесін сомадаған «Балапан» телеарнасының жүргізушісі Ақгүл Жарылқасын және Кристоффтың рөліндегі Талғар Мырзабек жүргізді.

Көрсетілімге 6-11 жас аралығындағы көрермендер шақырылды. Олар Астана қаласындағы көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ, балалар үйі мен интернат үйлерінің тәрбиеленушілері.

Аталмыш мультхикая 2016 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның дубляж студиясында аударылып, дыбысталған.

Көрсетілімде дубляж режиссері Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Бермұхамбетова кішкентай бүлдіршіндерге «Мұзды өлке»  туындысын дыбыстаған команданы таныстырды.

Содан кейін балалар толықметражды мультхикаяны үлкен экраннан тамашалады.

Айта кетсек, көктемгі демалыс кезінде 20-26 наурыз аралығында  «Балапан» телеарнасы көрермендерін «Дисней» туындыларымен қуантпақ.